Мойыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Мойыл (Үлгі:Lang-la) – раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 10 мге жуық.
  • Қабығы қоңыр, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Сағақтары ұзын, эллипс тәрізді, шеттері өткір ара тісті. Оның жоғарғы жағындағы жапырақтарының шеттерінде бездері бар.
  • Гүлдері майда, ақ түсті, шоғырланып төмен салбырап тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен.
  • Жемісі - қара сүйекше. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.
  • Жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Өсетін жері

Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. 2 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – кәдімгі мойыл (Prunus padus).

Қолданысы

Мойылдан бояуыш зат және дәрілік препараттар алынады. Балды және әсемдік өсімдіктер. Сүрегі мықты, ағаш өңдеу шауашылығында қолданылады. Жемісімен құстар қоректенеді. Мәдени түрде де өсіріледі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер