Моисей Зеликович Левин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Моисей Зеликович Левин (16.2. 1895, Санкт-Петербург қаласы - 1946, сонда) - театр суретшісі, кинорежиссер, Қазақстанның халық суретшісі (1944). Негізінен Санкт-Петербург театрларында қызмет етті. Конструктивизм ықпалымен жасалған алғашқы декораңиялары автор ойы мен актерлердің шынайы Ойынына қайшы келіп отырады. 20-жылдардың 2-жартысынан бастап суреткер шығармашылығында реалистік бағыт бой көрсете бастады. Эмоциялық және психологиялық бояуының қанықтығы, бейнелі жинақтылық - оның таңдаулы спектакльдері декорациясына тән қасиет. 30-жылдардың аяғында кино өнерімен шұғылданды. 1938 жылы В.В. Иванов, Б.Майлин, Ғ.Мүсіреповпен бірлесіп жазған сценарийі негізінде "Амангелді", 1940 жылы М.Әуезовтің сценарийі бойынша "Райхан" атты көркем фильмдерді қойып, қазақ кино өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}