Могилян жазба ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Могилян жазба ескерткіші - көне түркі тілінде тасқа қашалып жазылған ескерткіш (VII ғ-дың соңы). Могилян жазба ескерткішін Орхон өзені алабындағы Эрдени Цзу монастыры жанынан (МХР) алғаш рет орыс ғалымы Н. М. Ядринцев тауып, В. В. Радлов (1887-1918) оқыды. Пирамидаға ұқсас жазба ескерткіштің биіктігі 3 м 45 см, ені 1 м 74 см, қалыңдығы 72 см. Ескерткіш құтлұғ (Қапаған) қағанның баласы Могилянға арналған. Могилян жазба ескерткішінің текстін Иоллығ Тегін жазды ("Білге қаған жазуын мен Иоллығ Тегін жаздым. Мен жазуды 1 ай 4 күнде жаздым" - дейді ол тексте), табғач тас бәдізшілері қашап көркемдеді. Тастың бір бетіндегі жазу кене табғач, қалғандары көне түркі тілінде жазылған. Жазудың жоғарғы жағына хан таңбасы ойып жасалған. Тастағы үлкен жазу 41 жолдан, оның сол жағындағы жазу 15 жолдан тұрады. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің және білгір Тониқұқтың басшылығымен жасалған әр түрлі жорықтар мен шабуылдар жөніндегі тарихи оқиғалар — Могилянның 50 мың қол табғачтарды басқарған Он Түтүқты және 80 мың әскері бар Чача Сенгунді қирата жеңгені, кейін түргештерге, басымылдарға, қарлұқтарға аттанып, оларды өзіне қаратқаны, күйзелген, бытырап жан-жаққа тараған түркі тайпаларын қайта біріктіріп, ел арасында елеулі жұмыстар атқарғаны айтылады. Жазудың соңында Могилянның түркі тайпалары арасындағы беделі, даналығы және ақылдылығы суреттеліп, оның "жарлы халықты бай, аз халықты көп қылғаны" баяндалады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}