Михаил Погодин Петрович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Погодин Михаил Петрович [23. 11. 1800, Мәскеу —20. 12 1875, сонда] — орыс тарихшысы, жазушы, журналист. Санкт-Петербург ҒА академигі (1841). Басыбайлы шаруаның баласы. 1821 ж. Мәскеу университетін бітірді. 1826— 44 ж. Мәскеу университетінің профессоры болды. 1827—30 ж. «Московский вестник» журналын, 1841—56 ж. С. П. Шевыревяен бірге «Москвитянин» журналын шығарды. 20—30 жылдары тарихшы М. Т. Каченовскийді және «скептикалық мектебін» сынға алды. Ертедегі орыс және славян тарихын зерттеді. Погодиннің орыс тарихының жеке мәселелеріне арналған зерттеулері тұп деректерге негізделді. Алғашқы жылнаманың деректерін анықтады. Мәскеудің дәуірлеу себептерің зерттеді, орыс шаруаларының басыбайлы тәуелділікке түсу заңдылықтарын анықтады. «Қайыршы», «Саудаға түскен қалыңдық» повестерінде көпестер мен мещандардың өмірін суреттеді. Ол «Марфа Посадница» атты (1830) тарихи драманың авторы. 30—50 жылдардағы оның публицистикасы реакциялық сипатта болды. 40 жылдары әдебиет майданында консервативтік бағыт ұстады; натурализм мектебімен күресті, кей мәселелерде В. Г. Белинскийге қарсы шықты. 60 жылдары славян ұлт-азаттық қозғалысын жақтап, панславизм бағытында болды. Погодин тарихи маңызды деректерді бастырды.<ref>http://az.lib.ru/w/weresaew_w_w/text_0130.shtml</ref><ref>http://books.google.ru/books?id=EZaKAQAAQBAJ&pg=PA407</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер