Михаил Константинович Лемке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Lemke, Mihail Konstantinovich.jpg
Михаил Константинович Лемке

Михаил Константинович Лемке (1872 - 1923) - орыс әдебиетінің, қоғамдық қозғалыстың тарихшысы, құнды тарихи-әдеби құжаттарды жинаушы.

Еңбек жолы

«Былое», «Русское богатство», «Рус. мысль», «Мир Божий», «Красная летопись», «Красный студент» т.б. журналдардың жұмысына араласты. 1920-1921 жылдары «Книга и революция» журналының редакция мүшесі. 1922 жылдан РК (б) П мүшесі. Ол күрделі, қайшылықты саяси даму жолынан өтті. Лемке тарихи концепциясы либеральдық-буржуазиялық тарихнама шеңберінде қалды. Алайда, ол XIX ғасырдың орта кезіндегі революциялық қозғалыс тарихнамасына зор үлес қосты. Лемкенің редакциясымен Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен тағы басқалардың шығармалары жарық көрді. Бай фактілер мен құжаттық материалдарға негізделген Лемке еңбектерінің ғылыми мәні зор.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>