Михаил Кильчичаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Михаил Кильчичаков (21 қазан 1919 жыл, Тея — 23 тамыз 1990 жыл) - хакас совет драматургі, ақын. 1944 жылдан КОКП мүшесі. Максим Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген (1953). Михаилдің әдеби қызметі 1947 жылдан басталады. Оның ұжымдастыру жайлы «Көктеу (1951)» , соғыстан кейінгі ауыл өмірі жайлы «Аю сайы» (1956), Компартияның шақыруымен ауылға аттанған өндіріс озаттарын суреттеген «Жапырақтар неге сарғаяды» (1961), «Тірі қан» (1962) және тағыда басқа өлеңдер жинағын шығарған. Ол осы еңбектері үшін «Құрмет белгісі орденімен» және басқа да медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы,5 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер