Михаил Григорьевич Попов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Попов Михаил Григорьевич<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (18.4.1893, Ресей, Саратов облысы Вольск қаласы — 18.12. 1955, Ресей, Ленинград қаласы) — орыс ботанигі, флорогенетигі. Украина Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1945). Петроград университетін бітірген (1917). 1934 — 38 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімшесінде Ботаника секторын басқарып, ҚазҰУ-де жоғары сатыдағы өсімдіктерді жүйелеу кафедрасының меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер жүйеленімі мен филогениясына, геогр. таралуына арналған. Попов Орта Азия мен Қазақстан өсімдіктерін зерттеп, шөлді аймақтар флорасының дамуы туралы теорияны пайымдады, будандастырудың өсімдіктер эволюциясындағы рөлі туралы ілімнің негізін салды. 300-ден аса ғылымға беймәлім өсімдік түрлері мен туыстарын тауып, сипаттама берді. “КСРО флорасы” атты 30 томдық басылымды дайындаған авторлық ұжымның құрамында болды. 50-ден аса өсімдік Попов есімімен аталады. Шығармалары: Избр. соч., Ашх., 1958; Основы флорогенетики, М., 1963.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Михаил Григорьевич Попов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}