Мирпулат Мирзоев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мирзоев Мирпулат (1949 жылы туған, Сайрам ауданы) – ақын. ТашМУ-дың журналистика факультетін бітірген (1971). 1971–81 жылдары «Еш гвардия» баспасында қызмет атқарды. 1981–87 жылдары Өзбекстан Жазушылар одағында кеңесші, «Еш гвардия» баспасында бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1991 жылдары Өзбекстан Жазушылар одағының хатшысы. Ақын қазіргі кезде «Әлем әдебиеті» журналы бас редакторының орынбасары болды. Алғашқы «Таң шапағы» атты өлеңдер жинағы 1975 жылы жарық көрді. Ақынның «Мейірлі күндер», «Махаббат мезгілдері», «Көгілдір дария», «Сүмбіле», «Әтіргүл мен жұлдыздар», «Қанағат», «Аяулы анам» атты жыр жинақтары бар. Мирзоев аударма саласында да көп еңбек етіп келеді. Ол А.С. Пушкин, Г.Гейне, Р.Ғамзатов, М.Кәрім, Б.Пастернак, т.б. шығармаларын өзбек тіліне аударған. 1999 жылы осы еңбектері үшін халықаралық Б.Пастернак атындағы сыйлық алды. Қазақ ақындары Ж.Молдағалиев, О.Сүлейменовтің шығармаларын өзбек тіліне аударды. Абайдан бастап М.Шахановқа дейінгі көптеген қазақ ақындарының өлеңдерін өзбек тіліне аударып, мерзімді баспасөз бен жинақтарда жариялады. Осы еңбегі үшін 2001 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығы берілді.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мирпулат Мирзоев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}