Миропиев Михаил Алексеевич
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Миропиев Михаил Алексеевич – этнограф, әдебит зерттеуші, ауыз әдебиетін жинаушы. Миропиев қазақ ертегілерін жеке кітап етіп шығарып, ол жайлы ғылыми пікір айтқан. 1888 жылы “Дала уәлаяты” газетінде Миропиевтің “Қазақтардың хикаялық әңгімелері” атты жинағынан үзінділер басылды. Онда қазақ халқының ежелден келе жатқан діни нанымдары мен соларға негізделген шығармалар басылған. Ол шығармаларды ауызекі айтылуы күйінде кирилл әліпбиімен қазақ, орыс тілдерінде жариялаған. Миропиев жинағы арқылы тілші ғалымдар сол кездегі қазақтың сөйлеу тілін зерттеуге мүмкіндік алды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>