Мирас Болатұлы Асан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Мирас Болатұлы Асан - 1987 жылы мамыр айының 13 күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты аулында дүниге келген. №21 «Бақты» орта мектебін бітіргеннен кейін академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2010 жылғы ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.

«Соңғы раушан», «Бекзат» жыр жинақтарының авторы. Республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналдың Бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. Бүгінде "Орталық Қазақстан" газетінде тілші болып жұмыс істейді. Үйленген. Бір баласы бар.

Дереккөздер

<references/>