Минтимер Шарипович Шаймиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox President Минтиме́р Шари́пович Шайми́ев (20.1.1937 жылы туған, Қазан) — Татарстан Республикасының Президенті. Қазан ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1959). 1969 — 83 жылы Татарстанның мелиорация және су шаруашылық министрі, 1983 — 85 жылы Татарстан облысы партия комитетітінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1985 — 89 жылы Татар АКСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 — 90 жылы Татарстан облысы партия комитетітінің 1-хатшысы, 1990 — 91 жылы Татарстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1991 жылы маусым айынан бастап Татарстан Республикасының Президенті (1996 жылы қайта сайланды). Шаймиевтің тікелей қатысуымен 1990 жылы 30 тамызда “Татарстанның мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация”, 1992 жылы 6 қараша күні Татарстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды және 2 рет (19 — 22 маусым, 1992 жылы; 26 — 29 тамыз, 1997 жылы) татарлардың Дүниежүзілік конгресі өткізілді. Шаймиев саяси-қоғамдық өмірде Татарстан халқының жан-жақты дамуында, елдегі ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтауда, жақын және алыс шет елдермен қарым-қатынастар шеңберін барынша кеңейтуде ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан саяси басшы ретінде танылды. Ресми сапармен Қазақстанда бірнеше мәрте болған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Минтимер Шарипович Шаймиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}