Минералдың химиялық құрамы (геохимия)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер қабатында геологиялық әсерден пайда болатын химиялық бір тектес табиғи қосындыларды минерал деп атайды дедік. Олай болған уақытта мннералдардың химиялық құрамын, ол құрамның қалай құралған заңын, жаратылысын танып білу үшін жалпы жер қабаттарындағы химиялық элементтердің қосылу заңдарын, қалай қозғалып, қалай орналасқандығын білу қажет. Демек, бүкіл Жер қабаттарындағы минерал құраушы химиялық заңды білу керек. Басқаша айтқанда Жер химиясын, яғни геохимия негізін білу керек болады. Сондықтан минералогия ғылымының минералдардың химиялық құрамына арналған бөлімі геохимия ғылымына келіп тіреледі.

Геохимия ғылымы Жер қабаттарындағы атомдардың тарихын, олардың бір орыннан екінші орынға ауысу, жылжу заңдарын зерттейді. Геохимия тұрғысынан қарағанда минералдар геохимиялық элементтердің Жер қабаттарының әр түрлі жағдайларына қарай пайда болған тұрақты қосылыстары. Ол элементтердің қандайы Жердің қай қабаттарын құрайды, олардың, сандары қандай, сапалары қандай, міне осы мәселелерге тоқталады.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}