Минералдардың парагенезисі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Генезис деген грек сөзі — жаратылу, шығу, пайда болу деген сөз. Демек, минералдардың генезисі дегеніміз — олардың жаратылысы. Жердің ішкі қабаттарында пайда болатын магма жоғары көтеріліп жіктеледі; салқындап қатаюдан пайда болатын тау жыныстары магмалық жыныстар, оны құраушы және соған байланысты пайда болған минералдар магмалық минералдар деп аталады. Онан кейін қалдық магмалардан магмалық минералдар пайда болады. Оның ең ірі және минерал заттар көп кездесетін түрі — пегматит, оны құраушы және оған байланысты пайда болған минералдар — пегматиттік минералдар. Онан қалған су буы мен газдарға қаныққан заттардан пайда болып, жердің үстіне таман таянған жарықтарды толтыратындар — пневматолиттік минералдар. Онан қалған бу мен газдар суға араласып ыстық ерітінді құрайды, яғни гидротермалар пайда болады. Гидротерманың ішіндегі заттар жер жарықтарына, тау жыныстары арасындағы қуыстарға сіңіп, минералды желілер құрады. Олардың өзі минералдану тереңдігіне қарай, соған байланысты жаратылыс температурасына қарай үшке бөлінеді:

  • жоғары температуралы гидротерма — гипотерма
  • орта температуралы гидротерма — мезотерма
  • төмен температуралы гидротерма — эпитерма

Осыған сәйкес гидротермалық минералдар да үшке бөлінеді:

  • гипотермалық минералдар
  • мезотермалық минералдар
  • эпитермалық минералдар.

Онан кейін гидротермадан қалған су, яғни жаңадан пайда болған ыстық ювенил су жер бетінің айналыстағы вадоз суына қосылып кетеді; кейде олар ыстық минералды көзге — арасан көздерге айналады. Оларды курорттарда емге пайдаланады. Екінші жағынан магмалық жыныстардың вулкандық немесе эффузивтік түрлері тағы бар. Магма жердің астыңғы қабаттарында қатаятын болса, ол интрузивтік делінді. Жоғарыда айтылған магмалық жыныстар, қалдық магмалар — пегматиттер, пневматолиттер, гидротермалар — бәрі де сол интрузивтермен байланысты түзілген. Жердің жарығымен жоғары көтеріліп, жер бетіне шығып тасыған магма лава деп, лавадан пайда болған тау жыныстары эффузивтік немесе вулкандық болып аталады. Соған сәйкес минералдар да вулкандық және эффузивтік болады. Лаваға байланысты гидротермалар мен арасан көздер де пайда болады. Бірақ лава тез салқындайтын болғандықтан онан шыққа н заттар да кристалданып, жіктеліп үлгіре алмайды, оның барлық бөлшектері шыныша араласып қатаяды. Сондықтан эффузивтерге байланысты кендер де кұрала қоймайды. Металды эндогендік кендердің көпшілігі магмалық , пегматиттік, пневматолиттік, гидротермалық болады. Экзотендік тау жыныстары — шөгінді жыныстар. Бұлар бірнеше түрге бөлінеді; соған сәйкес минералдар да жаратылыс жағынан бірнеше түрлерге бөлінеді: көлдік шөгінді тұздар, органикалық қайталама тұнба, үгілген метаморфтық тау жыныстары мен минералдар әрі магмалық , әрі шөгінді тау жыныстарынан пайда болады. Сондықтан оларды аралық — ортақ жыныстар деп қарауға болады. Олардың кұрамындағы метаморфтық минералдар да эндогендік пен экзогендікке ортақ болып табылады. Жалпы метаморфтық минералдар региондық және контактылық болып екіге бөлінеді. Соның ішінде химиялық алмасудан пайда болған метасоматикалық, қысым күшінен пайда болған динамометаморфтық, қызу күшінен пайда болған пирометаморфтык, кебуден-құрғаудан пайда болған дегидраттық т.б. түрлері бар. Оның үстіне кен минералдары метаморфтық және метаморфогендік болып белінеді.

Парагенезис дегеніміз — қатар жаратылысты деген сөз (грекше пара — қатар, қасында деген сөз). Минералдардың парагенезисі дегеніміз — олардың жаратылысы, құралу жағдайлары бірдей, сондықтан жатыс орыны қатар, кездесетін жері қатар, бір-біріне серік деген сөз. Сондықтан минералдардың парагенезисі мен минералдардың ассодиациясы өз ара тығыз байланысты. Латынша ассоциация — бірлесу, қосылысу немесе бас қосу деген сөз. Жаратылысы бірдей минералдар бір жерде бас қосатын болғандықтан минералдар парагенезисінен ассоциация пайда болады. Дегенмен бір жерден қатар табылған минералдар тобының (ассоциацияның) жаратылысы бірдей бола бермейді. Мысалы, эндогендік бір тау жынысы, айталық гранит,үгілу мен бұзылу әрекетіне ұшыраса, онан бірнеше түрлі экзогендік минералдар пайда болып, сол жерде қалып қояды (мысалы, қалдық минералдар). Демек, мұндай жағдайларда эндогендік минералдар мен экзогендік минералдардың күрделі ассоциациясы құралады. Кен минералдары, әсіресе сирек металдар кендері оңай жерден кездесе бермейді. Бірақ әрқашанда сол сирек минералдар- дыц касында кездесетін, жаратылысы сирек металдар мен парагенезис минералдарын білетін болсақ , солар арқылы басқа сирек минералды іздеп табамыз. Демек, минералдар жаратылысын білу, оның парагенезистік заңын білу минералогия ғылымында аса зор роль атқарады. Әсіресе кен іздеу істерінде парагенезис заңының алатын орны орасан зор. Сондықтан бұл мәселеге ірі ғалымдар ерте замандардан-ақ көңіл аударған. Парагенезис деген терминді «минералдардың бірге кездесуі» деген ұғымда 1849 жылы алғаш қолданушы Брейтгаупт. Бірақ мұндай түсінік, дәл солай аталмаса да ғылымда онан бұрын да болған. Мәселен, осыдан мың жылдай бұрын Бируни мен Абуғали Сина минералдарды жаратылысы бойынша топтарға бөлгенін білеміз. Әрине, олар мұны теория жағынан бөлген жоқ , тек практикада қолданғандары белгілі болды. Мысалы, Бируни гидротермалық минералдардың ішіндегі калып қойған тамшы ерітінділері мен газдары бойынша оларды жаратылысы басқа минералдардан айыру әдісін қолданған. Ол әдіс осы күнге дейін ғылымда қолданылып келеді. Біздің заманымызда минералдардын, парагенезисі геохимия ғылымында көп зерттелді. В. И. Вернадский мен A. Е. Ферсман еңбектерінде бұл мәселеге зор көңіл аударған. Кейінгі кезде Д. С. Коржинский парагенезиске физика-химиялық жеке зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазды. Минералдар парагенезисін білудің аса бір керек жері кейбір кен байлықтарын табуда екенін білеміз. Сондықтан кен құраушы минералдардың парагенезисі көбірек талданған. Сонымен қатар кейбір минералдардың парагенезисін түсіну тау жыныстарының жасын айыруға да әсерін тигізеді. Екінші жағынан, минералдардың кристалдық решетка құрамында атомдар мен иондардың радиусы қандай әсер көрсететінін жоғарыда көрдік. Демек, осы жағынан қарағанда минералдар парагенезисін айыруда геохимия мен кристаллохимия да көмектеседі. Сонымен, минералдар парагенезисі тек минералогия үшін ғана емес, барлық геологиялық ғылымдарға, топырақ тану ғылымына, геохимияға, физикалық химияға, кен іздеу істеріне керекті, бәріне ортақ мәселе. Солай бола тұрса да, осы күнге дейін минералдар парагенезисі туралы жазылған оқулық қазақ тілінде түгел орыс тілінде де жоқ.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}