Мингечаур (ескерткіш)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

МингечаурКавказдағы ірі археологиялық ескерткіш. Әзірбайжан КСР, Мингечаур қаласына таяу жердегі Боздақ тауының бөктерінде орналасқан. Бұл археологиялық комплекс 19 ғасырдың соңынан зерттеле бастады. Археолог С. М. Казиевтің басшылығымен 1946-1953 жылдары Мингечаурда қазба жұмысы жүргізілді. Мингечаур құрамында 4 мекен және 3 үлкен зират (б.з.б. 3- мың жылдықтан –б.з. 17 ғасырына жатады) бар. Қазу кезінде сүйектен жасалған музыкалық аспаптар, 300-ден аса көзелер, 200-ден аса катакомбалық қабір (б.з. 1-8 ғасырлары), қыш ыдыстар мен бұйымдарды күйдіретін пештер, қыштан, шыныдан және күмістен жасалған ыдыстар, жүзіктер, темір қарулар, алтын сырғалар, Аршак әулетінің, грек пен римнің теңгелері, Сасани әулетінің мөрі табылды. Мингечаур ескерткіштері – Әзірбайжан мен оған көршілес елдердің 4 мың жыл бойығы тарихы мен мәдениетін зерттеуде құнды деректемелер. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер