Миллионщиков Михаил Дмитриевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миллионщиков Михаил Дмитриевич [3(16).1.1913, Грозный,- 27.5.1973, Москва] – совет ғалымы және қоғам қайраткері, механика мен қолданылмалы физика саласы бойынша маман, КСРО ҒА- ның академигі (1962; 1953 жылдан корр.мүшесі). КСРО ҒА- ның вице- президенті (1962 жылдан). Соц. Еңбек Ері (1967).1947 жылдан КОКП мүшесі. 1932 жылы Грозныйдағы мұңай институтын бітірген. Москвадағы авиация институтында (1934-43)), одан кейін сондағы инженерлік физ. институтында (1949 жылдан оның профессоры) сабақ берген. 1944-49 жылдары КСРО ҒА- ның Механика ин-тында, кейін КСРО ҒА- ның Атом энергиясы ин-тында жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми жұмыстары турбуленттілік, фильтрация теориясына және қолданылмалы газ динамикасына арналған. Миллионщиков ядролық энергетика салсында да маңызды зерттеулер жүргізген. Ол кейбір шетел ғылым академияларының мүшесі. Лениндік сыйлықтың (1961); КСРО Мемлекет сыйлығының (1951,1954) лауреаты. Миллионщиков 5 рет Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған. <ref>Қазақ совет энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер