Миллер Владимир Иосифович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Миллер Владимир Иосифович (1949 жылы 23 қыркүйек айында, Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы Мальцев ауылында дүниеге келген) – химия ғылымдарының докторы (1988).Свердловск (қазіргі Екатеринбург) политехникалық институтын (1971), КСРО Ғылым академиясының Орал ғылыми орталығынана қарасты химия институтының аспирантурасын (1977) бітірген.Свердловск инженерлік-педагогикалық институтында ғылыми қызметкер, аға оқытушы (1977–80), Омбы политехникалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1980–87), Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) ректоры (1987) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері бейорганика және қатты заттар химиясына арналған.<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub