Микротыңайтқыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Микротыңайтқыш – құрамында микроэлементтер (бор, мыс, кобальт, мырыш, т.б.) болатын бейнорганикалық қосылыстар. Микротыңайтқыштар алғаш шет елдерде және Ресейде 19 ғасырдың 2-жартысында қолданыла бастаған. Микротыңайтқышдың бор М-ы, мыс М-ы және құрамында екі және одан да көп микроэлементтер болатын полимикротыңайтқыш, т.б. түрлері бар. Микротыңайтқыш ретінде микроэлементтердің тұзы немесе өндіріс қалдықтары [[[қож]] (шлак), қоқыс (шлам)], фриттер, хелаттар алынады. Топырақта өсімдікке қажетті микроэлементтер жеткіліксіз болса оның өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады. Бұл микроэлементтер ферменттер құрамына кіреді, биохимиялық реакцияны және нуклеин, амин қышқылдары, қант, крахмал, хлорофилл биосинтезін күшейтіп, дақылдың өнімінің артуына, сапасының жақсаруына әсер етеді. Микротыңайтқыштың қажеттілігі ауыл шауашылығындағы дақылдарының биологиялық ерекшелігіне және топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшеріне байланысты анықталады. Микротыңайтқыштарды тұқым себер алдында, дәнмен бірге (0,5 – 5 кг/га), тамырдан тыс үстеме қоректендіру (0,1 – 0,05%-дық микроэлементтер ерітіндісімен бүрку), тұқымды себер алдында өңдеу (0,02 – 0,05%-дық ерітіндіде бөктіру) тәсілдері арқылы қолданады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Микротыңайтқыш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}