Микротолқындар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Microwave tower silhouette.jpg
Жаңа Зеландия жеріндегі микротолқындық телекоммуникация

Микротолқындар (microwave) – инфрақызыл сәуле мен радиотолқындар арасында орналасқан электрмагниттік спектрдің бір бөлігі. Микротолқындардың 30 см–ден 1 мм–ге дейінгі толқын ұзындығының диапозоны шамамен 1 (109 Гц) гигогерцтен (1012 Гц) терогерцке дейінгі жиілікке сәйкес келеді. Микротолқындар теледидар мен телефон жүйесі байланысының негізгі таратушысы ретінде, сондай-ақ жер серігімен жер стансалары арасындағы мәліметтермен алмасу үшін қолданылады. Қысқа импульсты микротолқынды радар сәулелері кеме және ұшақтарды табуға, жаңашыл құрылғыларды сүйемелдеуге, сонымен қатар қозғалыстағы нысанның жылдамдығын анықтау үшін қолданылады. Тағам өнімдерінде микротолқындар cу мен майға сіңіп кетеді (микротолқында пешке жылыту осыған негізделген). Әйнек пен керамика іспеттес материалдар микротолқындарды өзіне сіңірмейді, ал металдар сәулені шағылыстырады.