Мизансцена

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мизансцена (Үлгі:Lang-frсахнада орналасу) – актерлердің спектакль кезінде сахнадағы орны. Мизансцена – пьесаның идеялық мазмұнын бейнелі түрде көрсететін басты құралдардың бірі. Бір-бірін үздіксіз ауыстырып отыратын мизансценаларда кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастары айқындалады. Мысалы, тұрмыстық драма өмірдегі табиғи, қарапайым мизансценаны, ал көңілді комедия қимыл-қозғалысы мол, жеңіл мизансценаны қажет етсе, классикалық трагедия қатал да қатаң мизансценаны талап етеді. Мизансцена спектакльдің стилі мен жанрына қарай құрылады. Мизансценаның жүйесі арқылы режиссер спектакльге арнайы пластикалық форма береді. Мизансцена режиссердің ойын нақты жеткізіп, актерлердің жан дүниесін ашу арқылы спектакльдің талаптарына толық жауап беруі тиіс. Мизансценаның орындалу барысы театр суретшісінің жұмысымен тығыз байланысты. <ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}