Миелобласт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Миелобласт (myeloblastus, грек, myelos — сүйек кемігінің майы, blastos — өскін) — сүйектің қызыл кемігі майында орналасқан балғын қан жасушасы. Миелобласттан гранулалы (дәншелі, түйіршікті) лейкоциттер (миелобласт, промиелоцит, миелоцит, метамиелоцит, гранулоцит): эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер түзіледі. Миелобласт ашық түсті сопақ немесе дөңгелек ядролы ірі жасуша. Ядро маңындағы цитоплазмада центросома, Гольджи кешені, лизосомалар орналасады. Миелобласт цитоплазмасы солғын базофилді боялады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub