Миграция бойынша халықаралық ұйым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Organization Миграция бойынша халықаралық ұйым (МХҰ) - [International Organisation for Migration, ЮМ] - 1951 ж. құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым, штаб-пәтері Женевада (Швейцария).

Алғашқыда Еуропадағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету мақсатында құрылып, Еуропадағы көші-қон мәселесі бойынша Үкіметаралық комитет деп аталды. 1980 ж. оның қызметі Еуропаның аумағынан кеңейген кезде Көші- қон мәселелері бойынша Халықаралық ұйым аталды. Қазіргі кезде МХҰ-на 101 мемлекет мүше, 30 мемлекет бақылаушы дәрежесінде. МХҰ бюджеті мүше- мемлекеттердің жыл сайынғы жарналарынан және қоғамдық ұйымдардың ерікті және аймақтық жарналардан құралады. Өз қызметінде МХҰ адамгершілікті әрі реттелген миграция қоғам мен мигранттардың мүдделерін толық қанағаттандырады, осы жолда халықаралық миграциялық процестерді тиімді басқару үшін оған мүдделі елдердің күшін біріктіру шарт. МХҰ қызметінің негізгі бағыттары: елдердің ерекше мүқтаждықтарын ескере отырып халықтың реттелген көші-қонын қамтамасыз ету; заңсыз көші-қонды болдырмау; мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы мақсатында білікті адамдар ресурсын қайта бөлу; мәжбүрлі қоныс аударушыларды ұйымдасқан түрде көшіру; үкіметтерге және үкіметтік емес ұйымдарға тәжірибе және ақпарат алмасу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. Жалпы МХҰ өз қызметі аясында шамамен 11 млн. мигранттарға көмек көрсетті. МХҰ-ның аса ірі бағдарламалары: Таяу Шығыстағы мигранттардың өз еліне қайтарылуы (1990-1991), 800 мың. көшіп кеткен ирактық курдтардың қайтып оралуы (1991), бұрынғы Югославиядан көшіп кеткен отбасылардың қайта табысуы және қоныс аударуына арналған Югославиялық төтенше бағдарлама (1992), ТМД елдеріндегі миграциялық мәселелерге техникалық көмек (1993- 1997), көрші елдерден 1, 2 млн. халықтың Руандаға қайтып оралуы (1994), 190 мың босниялық босқындардың (1996) және 150 мың Косово тұрғындарының еліне қайта оралуына жәрдем жасау (2000).<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commons