Меңдібай Нұрбергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Меңдібай Нұрбергенов (1941, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы – 1989, сонда) – ауыл шаруашылығы қызметкері. Алматы зооветеринар институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1965). Еңбек жолын 1959 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Правда ұжымшарында көмекші шопан болып бастаған. 1965 – 70 жылдары Правда ұжымшарында, «Куйбышев» кеңшарында бас мал дәрігері, 1970 – 73 жылдары Маңғыстау ауданы комсомол к-тінің 1-хатшысы, 1973 – 76 жылдары облыстық ветеринарлық бөлімнің бастығы, 1976 – 80 жылдары Маңғыстау ауданы ветеринарлық бөлімінің бастығы, 1980 – 88 жылдары Октябрьдің 50 жылдығы атынд. кеңшарда партия комитетінің хатшысы, «Комсомол» кеңшарының директоры, бас мал дәрігері қызметтерін атқарған. Н. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен, БЛКЖО-ның және Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің, облыстық партия комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Меңдібай Нұрбергенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}