Мехлис Қасымұлы Сүлейменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мехлис Қасымұлы Сүлейменов (01.03.1939 жылы туған, Қарағанды қаласы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымның докторы (1982), профессор (1985), Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының (ВАСХНИЛ) корреспондент мүшесі (1985), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1990).

Жыл Оқиға
1960 ж Қазақтың ауыл шаруашылық институтын бітірген
1960 – 1962 жылдар Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе станцияның ғылыми қызметкері
1962 ж Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі
1982 – 1985 жылдар Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары
1985 – 1990 жылдар Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді
1992 – 1994 жылдар А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының директоры
1994 – 1995 жылдар ҚР Парламентінің депутаты
1995 – 1996 жылдар Қазақ ауыл шаруашылық академиясының вице-президенті
1997 жылдан Тәлімі құрғақ жерлерде ауыл шаруашылығын ұйымдастыру Халықаралық ғылыми орталығының (ИКАРДА) Орталық Азия және Закавказье елдері бойынша аймақтық үйлестірушісінің орынбасары

Зерттеулері

Негізгі ғылыми-зерттеулері дәнді дақылдар өсіру технологиясы мен ауыспалы егіс мәселелеріне арналған. Сүлейменов егістік танаптарда қар тоқтатып, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау құралдарын кең қолдана отырып, астық түсімділігін сүдігерсіз-ақ әрбір гектардан 25 – 30 центнерге, тіпті одан да жоғары көтеруге болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Республикада бұршақ тұқымдас дақылдардың егіс көлемін арттыру мәселелерін көтерді.

Марапаттары

Сүлейменов 140-қа жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 15-і шет елдерде жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы” ордендерімен, ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармалары

  • Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания яровой пшеницы, М., 1986;
  • Какому быть полю, А., 1991;
  • Оценка основных элементов почвозащитной системы земледелия и изменившихся социально-экономических условиях. Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях, НПЦЗХ, Шортанды, 2003.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мехлис Қасымұлы Сүлейменов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}