Метатеория

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Метатеория

Метатеория (грек. meta – кейін және theorіа – бақылау, қарастыру, зерттеу) – белгілі бір теорияның құрылымы мен әдісіне талдау жасайтын ілім.
Метатеорияның негізгі мақсаты – ғылыми теорияларды формальдандыру шарттарын, сондай-ақ формальдандырылған тілдердің синтаксистік және семантикалық қасиеттерін зерттеу. Метатеория термині нақты теорияға қатысты ғана қолданылады. Мысалы, логика метатеориясы немесе металогика, математика метатеориясы немесе метаматематика, физиканың жеке тарауларының метатеориясы, т.б. Әрбір ғылыми теория шынайы дүниенің белгілі бір бөлшегін зерттесе, оның метатеориясы сол теорияның ұғымы мен жүйесін зерттейді. Метатеориялық зерттеу теория негіздеріне терең үңілуге көмектесумен қатар оның дамуына да әсерін тигізеді. Қандай да болмасын бір теорияның құрылымын зерттей отырып, метатеория оның рационалды құрылысын кеңейтетін әдістер іздеуіне көмектеседі.
Метатеорияның мазмұнын құрайтын метатеорема немесе теоремалар туралы теорема зерттейтін теорияда логикикалық қорытындыларды өткізетін механизмнің нығаюына мүмкіндік беріледі. Бұған мысал ретінде дедукция туралы математикалық - (металогикалық) теорияны алуға болады. Ғылымның әр түрлі саласындағы метатеориялық зерттеулердің түпкі мақсаты – логикалық тұжырым процесінің жеке тізбектерін автоматтандыру. Метатеориялық зерттеулер кибернетика мен есептеу техникасының дамуына орай ерекше мәнге ие. Шынында, кез келген метатеория ғылыми теорияның тек түсінікті мазмұны ғана емес, сонымен бірге, [формальды жүйе|формальды жүйенің де дәл ұғымы. Кейде метатеориялық қорытындылар зерттеу пәніне айналады, яғни метатеория метатілде қайта жасалады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Метатеория|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}