Метаморфтық кенорындар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарастырылып отырған кластың кенорындары өзгергенге дейін практикалық мәнге ие болмаған таужыныстар метаморфизмі нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда пайдалы қазбалардың заты компоненттердің жинақтала кристалдануы мен топтануы салдарынан пайда болады. Бұл ұдеріс ұшпа қосылыстардың қатысуымен, бірақ кен сыйыстырушы қатқабаттардан заттың әкелуінсіз жүреді. Метаморфтыққа негізінен аймақтық метаморфизм жағдайларында жаралған бейметалл пайдалы қазба кенорындары жатады. Метаморфтық кенорындардың басты типтеріне дистен-силлиманит, графит, мәрмәр, кварцит пен жабындық тақтатас кенорындары жатады. Жоғары алюмототықты шикізат немесе дистен-силлиманит кенорындары сазды тақтатастардың аймақтық метаморфизмі кезінде пайда болады. Олар көбінесе кристалды тақтатастардан, гнейс пен амфиболиттерден түратын докембрий таужыныстары қатқабаттарында орналасқан. Кен денелері дистен мен силлиманиттерге байыған тақтатастар мен гнейстің жекелеген горизонттары болып табылады. Жатындар біршама қашықтықтарға дейін (бірнеше км) созылады. Кен негізінен секпілді, кейде түтас. бұл типті кенорындар Қола түбегінде (Кейв), Саха Республикасында (Чайныт), Забайкальеде (Кяхтинск, Қытай), Үндістан мен АҚШ-та (Калифорния, Вирджиния) дамыған. Графит кенорындары құрамында шашыранды күйде көмірлі зат пен битум бар таужыныстардың терең метаморфизмі кезінде жаралады. Олар, сондай-ақ құрамында қабыршақты графит секпілдері бар кристалды тақтатастың, гнейстің, мәрмәрленген әктас пен доломиттің көне метаморфтық қатқабаттарында орналасады. Жатындар бұрыс қабат пішінді болады. Олар құрамында графит мөлшерінің артуы байқалатын бөлікшелер ретінде жатады. бұл типті кенорындар таралған жерлер: Украина (Старокрым, Завальевское), Орал, Кіші Хинган, олар АҚШ пен Мадагаскарда кездеседі. Метаморфтық жаралымдардың негізгі типтеріне мынадай кенорындар жатады: әктастың метаморфизмінде пайда болған мәрмәр; құмтас өзгеруінен қалыптасқан кварцит; сазды тақтатас метаморфизмінің өнімдері болып табылатын жабындық тақтатас. Айта кететіні: көптеген жағдайларда бұл кенорындардың пайда болуы аймақтық метаморфизммен байланысты болады. Бірақ кейбір жағдайларда мәрмәр мен кварцит кенорындары терможапсарлық метаморфизм жағдайларында дамуы мүмкін .
Мәрмәр кенорындары Оралда (Уфалей, Коелгинское, Баландинское), Қазақстанда (Саяң, Жәйрем және т.б.), Алтайда (Ороктойское), Салайыр бүйратында (Пуштулимское), Саянда(Кибик-Кородонское), ОртаАзияда(Газган), Кавказдабар. Кварцит кенорындары сирек кездеседі. Олардың ішінде ең белгілілері - Карелиядағы Шокшинское; жекелеген кенорындар Донбаста, Кузбаста ЖӘНӨ Оралда кездеседі. Жабындық тақтатас кенорындары Карелияда, Украинада, Оралда (Атлянское), Батые пен Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Забайкалье мен Кавказда (Ларское, Красная Поляна) белгілі. Альпілік желілер де метаморфтық жарылымдар типіне жатады. Олар жарықшаңтарды метаморфизм кезінде пайда болған минералдық заттың толтыруынан қалыптасады. бұл желілердегі жаралымдар мен сыйыстырушы таужыныстардың заттық құрамы үқсас болып келеді. Мәселен, сазды-доломитті таужыныстарда амфибол-асбест желішіктері байқалады, ал кварцит қатнабаттарында - тау хрусталі жаралады. Аталған ассоциациялар кейде өнеркәсіптік кенорындар жасайды.<ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}