Меркі (Көне қала орны)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

‘’’Меркі’’’ – көне қала орны. Орны Меркі ауылының батыс шетінде. 1893 – 94 ж. В.В. Бартольд жетекшілік еткен экспедициясы зерттеген. 1936 ж. Жетісу археологиялық экспедияциясы (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1964 – 80 ж. осы экспедицияның Луговой отряды (жетекшісі К.М.Байпақов), 1986 – 87 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Археологиялық экспедициясына (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеу жүргізген. Меркі Жетісудағы атауын сақтап қалған ескерткіштердің бірі. Меркі 8 ғасырдан бастап белгілі болған. Құдама, Ибн Хордадбек, әл-Макдиси сынды ортағасырлық зерттеушілердің еңбектерінде Меркі жайлы айтылған. Әл-Мақдиси еңбегінде Меркі орта дәрежелі, бекінісі мен цитаделі бар қала ретінде көрсетілген. Меркінің орны үлкен төбе тәрізді. Бір шеті жар қабақты. Солтүстік жағы 380 м, шығ. жағы 275 м, батыс жағы 250 м. Оңтүстік-батыс шетінде қамалдың қираған орны сақталған. Қамалдың бұрыштары күзет мұнаралармен күшейтілген. Қамалдың ішкі жағында төрт бұрышты алаң бар. Ол алаңда ескі құрылыс орындары сақталып қалған. Қамалдың батыс қабырғасы жағында биіктігі 4,5 м болатын төбешік кезінде үлкен ғимараттың болғанын айғақтайды. Қаланың шахристаны төрт-бұрышты. Қазір ол биіктігі 3 м болатын төбешік. Шахристанның шет-шетінде мұнаралар болған. Мұнаралардың орны биіктігі 1,5 – 2 м болатын төбешік. Шахристан қамалының ұзындығы 500 м-ге жуық. Қазба жұмыстары барысында қаланың жоғарғы мәдени қабаты 11 – 12 ғасырларға сәйкес келетіндігі айқындалды. Бұл кезеңдегі ғимараттар шикі кірпіштен салынған. 3,5 м тереңдіктен кейін 9 – 10 ғасырлар кезіндегі мәдени қабат басталады. Сол кезеңдегі мәдени қабатта құрылыс материалдары ретінде алебастр, тастар кеңінен қолданылған. Ең төмен мәдени қабат 7 – 8 ғасырлар кезеңіне сәйкес келеді. Төменгі мәдени қабаттан керамикалық ыдыстар, ою-өрнектермен безендірілген плиталар табылды. Табылған заттар Меркінің кезінде гүлденген қалашық болғанын айғақтай түседі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}