Мерекелер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Праздник Нептуна.JPG
Су күні мерекесінде

Мерекелермемлекеттік не халықаралық органдар белгілеген, үздік оқиғаларға, дәстүрлі даталарға, белгілі бір мамандық қызметкерлеріне құрмет көрсетуге, жүртшылықты қандай да бір мақсатқа жетуге жұмылдыруға арналған күндер.

Жыл ішінде бірнеше күн қоршаған ортаны қорғау проблемаларына арналған, олардың ең бастысы — Қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні. Бұдан басқа экология тұрғысындағы атаулы күндер мынадай:

  • 2 ақпан — Бүкіл дүниежүзілік сулы-батпақты өңірлер күні;
  • 22 наурыз — Халықаралық су ресурстары күні (Су күні);
  • 23 наурыз — Бүкіл дүниежүзілік метеорология күні;
  • 1 сәуірХалықаралық құстар күні;
  • 6 сәуір — Геолог күні;
  • 7 сәуір — Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні;
  • 22 сәуір — Халықаралық Жер күні;
  • 26 сәуір — радиациялық апаттар мен алапаттар құрбандарын еске алу күні;
  • 16 мамыр — Халықаралық отбасы күні;
  • 24 мамыр — Еуропалық саябақтар күні;
  • 5 маусым — Бүкіл дүниежүзілік қоршаған орта күні;
  • 17 маусым — Бүкіл дүниежүзілік шөлдену мен құрғақшылыққа қарсы күрес күні;
  • 16 қыркүйек — Халықаралық озон қабатын қорғау күні;
  • 20 қыркүйек — Орман қызметкерлері күні;
  • 29 қыркүйек — Бүкіл дүниежүзілік теңіз күні;
  • 4 қазан — Бүкіл дүниежүзілік жануарлар күні;
  • 14 қазан — Тілсіз қияпаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық күн;
  • 27 қазан — Бүкіл дүниежүзілік туризм күні;
  • 29 желтоқсан — Бүкіл дүниежүзілік биологиялық әралуандылық күні.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама