Мергенбай Жырау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мергенбай Жырау (1831 жылы, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы – 1911, сонда) – жырау, күйші.

Мергенбай Жырау Қостанай, Ақтөбе аймақтарын көп аралап, “Қобыланды батыр” жырынан “Қобыландының Темірланды жеңуі” және “Қобыланды батырдың баласы Киікбай” атты жыр-дастандарды жеткізген. Бұлардың үшеуі де 7 – 8 буынды жыр үлгісімен толықтай жырланған. Жинап, қағаз бетіне түсіруші – Ш.Қалмағамбетұлы.

Бүгінде Мергенбай Жырау жырлаған үлгілер “Қобыланды батыр” жырының негізгі нұсқаларының бірі саналады. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов оның жыраулық өнерін жоғары бағалады. Мергенбай Жырау туралы мағлұматтар О.Нұрмағамбетова, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдар еңбектерінде кездеседі.

Дереккөздер

* Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}