Мендельсон
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мендельсон, Мендельсон-Бартольди Якоб Людвиг Феликс (3.2.1809, Германия, Гамбург – 4.11.1847, Лейпциг) – неміс композиторы, дирижер, пианист. Ұстаздары – Л.Бергер (фортепиано), К.Цельтер (композиция).
Биографиясы
Мендельсон 9 жасынан пианист ретінде жеке концерт бере бастады. 17 жасында В.Шекспирдің “Жазғы түнгі түс” комедиясына жазылған увертюрасы оның ең үздік шығармаларының бірі саналды. 1843 жылы Германиядағы алғашқы музикалық жоғарғы оқу орны – Лейпциг консерваториясының іргетасын қалаушылардың бірі болды.
Шығармалары
Басты шығармалары:
- “Камачо тойы” (1827, Сервантестің “Дон Кихоты” бойынша),
- “Жат жерден оралу” (1829, Берлин) опералары;
- “Павел” (1836),
- “Илия” (1846),
- “Христом” шіркеулік хор музыкасы мен кантаталары, оркестрге арналған 5 симфониясы, 7 концерттік увертюрасы, шекті аспаптар оркестрі үшін жазған 13 симфониясы, т.б. аспаптық, ансамбльдік, камералық жанрлардағы туындылары бар.
Мендельсон 100-ге таяу ән мен 60 хор жазған.
Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы