Мендекеш Салтыбалдиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мендекеш Салтыбалдиев (1937, Атырау облысы Жылыой ауданы Амангелді ауылы – 1973, Алматы) – ақын, журналист. Маңғыстау туралы шығармалардың авторы. Есбол, Теңіз ауданы, Атырау облысы газеттерінде, облысы радио хабарын тарату комитетінде тілші, бөлім меңгерушісі (1954 – 69), Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасында редакция меңгерушісі, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы (1969 – 73) болып істеген. Жергілікті және респ. баспасөз беттерінде очерктер мен публицист., әдеби мақалалар, фельетондар мен әңгімелер, өлеңдер мен толғаулар жариялады. «Ақмоншақ» (1966), «Шулайды толқын» (1968), «Күн шуағы» (1970) аталатын өлеңдер жинағы, «Жартастағы жазулар» (1970) дейтін очерктер жинағы, «Қоңыр қозы» повесі (1971); сондай-ақ аудармасы (А.И. Покрышкин, «Аспандағы шайқас», 1973), «Мөлдір аспан» атты очерктері мен публицист. мақалалары (1978), «Қызғыш құс» атты таңдамалы өлеңдер жинағы (1975, 1979, 1988, 2003), т.б. кітаптары жарық көрді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мендекеш Салтыбалдиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}