Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры, Н.И.Сац атындағы - мәдени-сахналық мекеме. 1944 ж. құрылды. Театрды алғаш ұйымдастырушылар - режиссер Н.И. Сац пен драматург В.С. Розов болды. Театр алғашқы жылдары орыс және қазақ (қазіргі Қазақ жастар мен балалар театры) труппаларынан құралды. Орыс труппасы 1945 ж. 7 карашада күндіз Е.Л. Шварцтың "Қызыл телпек" (режиссер Сац), ал кешке И.В. Штоктың "Лейденді тору" спектаклімен (режиссер Розов) тұңғыш рет шымылдық ашты. Алғашында театр труппасы мектеп оқушыларының бағдарламасына сәйкес орыс жазушыларының (Д.И. Фонвизин, А.С. Грибоедов, А.Н. Толстой, А.С.Пушкин, В.А. Любимова) пьесалары мен аңыз, ертегілер инсценировкаларын (Т. Габбе) қойды. Әр жылдары Сац (1945 - 50), Б.Г. Гронский (1951 - 56), Е.А. Просолов (1956- 58, 1970- 74), А.Л. Мадиевский (1958- 62), В.Л. Шкляр (1962- 63), В.И.Пучкин (1964- 66), Г.М. Жазмер (1966-70), Р.С. Андриасян (1974- 83), Б.Н. Преображенский (1984 жылдан) театр труппасының бас режиссері болды. Мұнда А.А. Алексеев, Е.Г. Маркова, А.А. Пашков, А.Г. Ридаль, Т.Е. Сидоров сынды режиссерлермен қатар И.Г. Бальхозин, Э.Д. Гейдебрехт, В.В. Теляковский, Ф.И. Ткаченко, Д.В. Павлюк (1988 жылдан), т.б. театр суретшілері де жемісті еңбек етті. С.В. Михалков, Л.А. Малюгин, В.А. Гольдфельд, В.С. Розов.А.Н. Афиногенов,А.Н. Арбузов, К.А. Тренев, Б.И. Рябкин, М.Ф. ПІатров, А.П. Гайдар М.М. Рощин, В.Ф. Тендряков, В.А. Аграновский, т.б. шығармалары театр сахнасына шығарылды. Әр жылдары қызмет еткен Г.М. Бойченко, О.А. Решетниченко, Л.А. Темкин, В.С. Бычук, В.Г. Крымская, А.И. Праслов, В.Я. Тарасов, В.И. Тикке, К.Н. Ушакова, В.А. Иванов, Т.Е. Кулагина, П.И. Морозов, С.Т. Печорин, Г.И. Тхоржевская, О.П. Чугуов т.б. театр репертуарының қалыптасып өсу жолына елеулі үлес қосты. Театр сахнасында орыс, шет ел драматургтерінің А.Н. Островский, Н.В. Гоголь, М.Ю. Лермонтов, А.П. Чехов, Ф.М. Достоевский, А.М. Горький, В.В. Маяковский, Б.Л. Пастернак, Ж.Б. Мольер, К.Гольдони, Ф.Шиллер, К.Гоңңи, У.Шекспир, М.Метерлинк, Ж.Ануй, т.б. пьесалары жарық көрді. Театр ұжымы Мәскеу (1958; 1967, Д.А. Фурмановтың "Бүліншілігі", орыс және қазақ труппалары 1957 ж. бірлесіп қойған, режиссер Прасолов пен М.Қосыбаев, Бүкілодактық балалар мен жасөспірімдер театрлары фестивалінің 1-дәрежелі дипломымен марапатталды), Душанбе (1988), т.б. қалаларда болып, өнер көрсетті. 1995 ж. театрға режиссер және театр қайраткері Н.И. Сацтың есімі мен академиялық театр атағы берілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}