Мельничук Галина Ивановна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мельничук Галина Ивановна1937 жылы Ленинград облысында дүниеге келді. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1960 жылы Львов полиграфиялық институтын полиграфиялық өндірістің инженер-технологы мамандығы бойынша бітірді. Өз өтініші бойынша Қарағанды қаласындағы облыстық типографияға жолдама алды. Алайда, оған Қарағандыда емес, Алматыда жұмыс істеуге тура келді. Себебі №2 Алматы баспаханасына жас мамандар (технолог, механик, экономистер) керек болғандықтан, баспахана директоры Төлешев Сатымбек Омарұлының өзі шақыртып алды.

Галина Ивановнаның алғашқы қызметі – №2 баспахананың түптеу цехының инженер-технологы болды.

Полиграфия саласында істеген 36 жылда Мельничгукн Г.И. бір де бір рет жұмыстан шығып көрген жоқ. Билет және тұрмысқа қажетті қағаздар өндірісінің 6 жыл ӨТБ технологы, 10 жыл «Кітап» РӨБ-ндекоординация бойынша өндірістік бөлім бастығының орынбасары, жеті жыл «Кітап» РӨБ өндірістік-координациялық бөлімінің бастығы болып еңбек етті.

Қазақстандағы үздік баспалармен негізгі жұмыспен қоса, «Кітап» ОБ Ресейдің, Молдавияның, Қырғызстанның, Тәжікстанның белгілі баспаларымен әріптестікте жұмыс істеді. Әсіресе Мәскеу қаласындағы «Художественная литература» баспасымен арадағы әріптестік жемісті болды. Бұл баспа әлемдік классика мен фантастикалық әдебиет шығарды.

1970 жылы «Оқу озаты» белгісімен және ақшалай сыйлығымен, 1985 жылы фестивальды рәмізді Қазақ КСР Заңдар жинағын және оқулықтар шығарғаны үшін «Аса маңызды тапсырманы орындағаны үшін» статьясы бойынша марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}