Мелиорациялық құрылыстың маусымдылығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мелиорациялық құрылыстың маусымдылығы — кейбір мелиорациялық жұмыстың тек белгілі бір жыл маусымы кезеңінде ғана атқарылуы. Мыс., жаз маусымында (мамыр — кыркүйек) су құрылысы мекемелері тоқтаусыз жұмыс істеп, объектілерді тұрақты түрде пайдалануға беріп отырады және олардың жұмысты ұйымдастыру кестесі жылжымалы болады. Ал қыс маусымында (қараша — сәуір) жекелеген жұмыс түрлері ғана атқарылады.
<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>