Мелиорациялық жүйені қайта жаңғырту
Мелиорациялық жүйені қайта жаңғырту — қолданыстағы мелиорациялық жүйенің техникалық деңгейін (пайдалы жұмыс істеуін) көтеруге бағытталған кешенді шаралар. Мелиорациялық жүйенің жер бетінде орналасуы мен негізгі тармақтарының көрсеткіштерін (параметрлерін) өзгерту арқылы ескірген гидротехникалық құрылыстар мен құрылымдар жаңасымен алмастырылады, сонымен қатар су режімін басқарудағы автоматика мен телемеханика негіздері де жаңартылады. Мелиорациялық жүйені қайта жаңғыртуда суармалы жердің өнімділігін арттыру мақсатымен жаңа техника мен технологияны, осы салаға қатысты ең соңғы ғылыми жаңалықтарды енгізуге айрықша назар аударылады.
<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>