Мекраптандар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мекраптандар (тиоспирттер) (Үлгі:Lang-ru) — құрамына күкірт кіріктіретін органикалық қосындылар класы. Мекраптандар — өте жағымсыз иіс шығаратын, тез тотығатын, металл тотықтарымен әрекеттесуі нәтижесінде "меркаптидтер" түзетін заттар. Мұнайдың бензин және керосин фракциялары құрамында Мекраптандардың екі гомологтық тізбегі - алифаттық HSCnH2n+1 және оралымдық HSCnH2n-1 Мекраптандар - анықталған. Мұнайдың жоғары дәрежелі фракцияларынан Мекраптандар табылмаған. Әдетте мұнай құрамындағы Мекраптандардың мөлшері онша көп болмайды, дей тұрғанмен, кейбір мұнайлардағы (мысалы, Шығыс Сібірдегі Марков кенорны) олардың мөлшері бүкіл күкірт кіріктіретін қосындылар массасының 75 %-ын құраған. Мекраптандардың тоттандыру қабілеті өте жоғары. Олар каучук өндірісінде және тотығуға қарсы тіркемжабдықтар дайындау өнеркәсібінде пайдаланылады..<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}