Меконг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

МеконгҮндіқытай түбегіндегі (Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Мьянма, Тайланд) ең ірі өзен. Өзен 4500 километр, су жиналатын алабы 810 мың километр квадрат Тибет таулы үстіртінің Тангла жотасынан басталып, Кампучия жазығымен ағып, Оңтүстік Қытай теңізіне кең атырау (70 мың километр квадрат) жасап құяды. Негізгі салалары — Мун, Тонлесап (оң), У, Тхен, Сан (сол). Жоғары және орта ағысы терең, түбі тар, шоңғалды шатқалмен, төмен ағысы кең аллювийлі жазықпен өтеді. Тонлесап саласы өзенді Тонлесап көлімен жалғастырады. Жаңбыр және қар суымен толығады. Су шығыны төмен ағысында тамызда — 30 мың метр куб/секунд, сәуірде — 1500 метр куб/секунд. Жылдық су деңгейінің ауытқуы 10 — 15 метр. Өзен өте көп мөлшерде ерітінді тосқындар (жылына 1,5 километр куб) алып келуіне байланысты, атырауы үнемі өсіп отырады (жылына 80 — 100 метр). Өзенде балық түрлері көп, су жыланы, су тасбақасы, қолтырауын, тағы басқа қосмекенділер мекендейді. Теңіз кемелері Пномпеньге (350 километр) дейін қатынайды. Меконг аңғарында негізінен күріш өсіріледі. Жағасында — Луангпрабанг, Вьентьян (Лаос), Пномпень (Камбоджа) қалалары орналасқан.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Меконг|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}