Мекебаев Адам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мекебаев Адам - 1940 жылы 19 көкекте Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы "Ақжар" кеңшарында дүниеге келді.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1987 жылы Мәскеудегі Дүниежүзілік әдебиет институтынын екі жылдық жоғары әдеби курсын бітірді. 1965 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінде, 1966 жылдан Қызылорда облыстық мәдениет басқармасында жұмыс істеп, 1971-1974 жылдары аралығында Қызылорда облыстық Халық творчествосы үйінің директоры қызметін атқарды. 1974-1975 жылдары республикалық "Қайнар, 1975-1981 жылдары "Жазушы" баспаларында редактор болды. 1981-1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, 1983-1984 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі, 1987-1992 жылдары "Жұлдыз" журналында, 1992 жылдан "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Ақжелкен" журналыда қызмет атқарды.

"Жадыра", (1970) "Жезтырнақ" (1973), "Аңызақ" (1978), "Құпия қойма" (1979), "Бойжеткен" (1982), "Айтылмай қалған аңыз" (1990) секілді оннан астам повестің басын кұрған проза кітаптары мен "Періште келіншек" (1982), "Жер кіндігіндегі апат" (1992), "Дауылды жер" (1988), "Қазына сыры" (1994) романдарының авторы. 1985 жылы Мәскеудегі "Советский писатель" баспасынан "Лебединая печаль", 1987 жылы "Суховей" повестер жинағы орыс тілінде жарық көрген. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (2001).

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}