Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков (1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылы) - әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2000).

Алматы эстрада-цирк студиясын (Ж. Елебеков класы бойынша педагог Ж. Кәрменовтен), 2003 ж. Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі.

Халық композиторлары Біржан мен Ақан Серінің, Жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың, Естай мен Ғазиздың және т. б. әндерді ұлттық нақышпен орындайды. Ә. Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты (1980). Қазақстан өнер шеберлері қатарында Франция, Швеция, Австрия, Болгария, Голландия, Венгрия, Ресей сияқты елдерде өнер көрсетті.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Қысқаша мәлімет

  • Әкесі - Адамбеков Сәйді, қойшы болған. Анасы - Біләлова Рауза, қойшы болған.
  • Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетінің филология факультетін бітірген (2002), қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
  • Діни көзқарасы - мұсылман.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды дамыған көшбасшы елдердің қатарынан көру».
  • Хоббиі - саясат.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ әдебиеті.
  • Үйленген. Жұбайы - Еңсебаева Н.К. (1957 ж.т.), №101 ОМ оқытушысы. Ұлдары - Адамбеков Алданыш (1980 ж.т.), Адамбеков Жәнібек (1992 ж.т.); қыздары - Адамбекова Шынар (1982)Адамбекова Арайлым (1984 ж.т.). 1978 жылдан - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі. 1981 жылдан - Қарағанды мемлекеттік филармониясының солист-вокалисі. 1987 жылдан - Қарағанды почтамтының инструкторы, жабдықтау жөніндегі инженері. 1993 жылдан - Қарағанды облыстық халық шығармашылығы және мәдени-игілік қызметі орталығы бөлімінің меңгерушісі.
  • 1996 жылдан - Қарағанды музыка училищесі халық бөлімшесінің меңгерушісі.
  • 2008 жылдан бері - Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің солист-вокалисі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}