Мейрам Абақанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Мейрам Абақанов (1931 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 1998 ж. Жезқазған) - саяси, қоғам қайраткері. Отан алдында адал еңбегі үшін 2 мәрте "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен, он шақты медаль және екі рет республика Жоғарғы Кеңесі Президиумының құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Өмірбаяны

Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірген (1954). 1958-1992 ж. аралығында Қарқаралы қаласы, Жезқазған ауданы кеңесінің төрағасы, Жезді, Қарсақбай, Шет ауданы, Ұлытау аудандарында І хатшысы т.б. басшы қызметтерде болды.

Қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың Мейрам Абақановқа арнаған жүрекжарды жырында мынандай шумақтар бар<ref name="Сарыарқа газеті, 24 ақпан 2001 жыл">Сарыарқа газеті, 24 ақпан 2001 жыл</ref>:

Сарырқа - жомарт өлке, қыраны көп, Бір кезде қанаттасқан шұбады лек. Шыңынан Қарқаралы қанат қағып, Кетіп ең Ұлытаудың ұланы боп.

Мейрам Абақановтың тегі жөнінде газет беттерінде төмендегідей жазылған. Ағайынды үш жігіт Абақан, Құрмаш, Құрманғалилер ерте есейіп, жаңа қоғам құрылысына белсене араласқан. Ал, олардың арғы аталарының аға сұлтан Жамантай төремен, азулы да әділ би Жанқұтты шешенмен аралас-құраластығы жайлы ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен әңгімелер сол өңірдің халқына жақсы белгілі.

Абақан мен әйгілі ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани туған нағашы-жиендер. Құрмаш жайлы Сапарғали Бегалин мен Әлжаппар Әбішевтің кітаптарында Қарқаралыға, Қоянды жәрмеңкесіне байланысты салиқалы сипаттамалар бар. Мейрамның өз анасы - Ақлима Сұлтанмахмұт қызы Барлыбай тегі - Баянауыл бөктерінен.<ref name="Сарыарқа газеті, 24 ақпан 2001 жыл"/>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

http://www.baq.kz/regional_media/post/31602 http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved//VOV_kaz//Zenbirek_suiretken_soldat.pdf http://ikitap.kz/books/GabidenAngimePiesa/files/assets/basic-html/page233.html http://thenews.kz/2009/10/13/150822.html