Мейендорф Егор Казимирович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Егор Казимирович Мейендорф (1794 – 1863) – саяхатшы, геолог, Ресей армиясы Бас штабының капитаны. А.Ф. Негридің (1820 – 21) дипломатиялық миссиясының құрамында Бұхар хандығына барды. 1826 жылы осы сапары туралы жазған шығармасы «Орыс елшілерінің Орынбордан Бұхарға саяхатының қысқаша жазбалары» деген атпен француз тілінде Парижде жарық көрді. кітап төрт тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауы қазақ даласы арқылы өткен сапарға арналған. Автор қазақтар жөнінде, олардың дәстүрі, көші-қоны, тұрмыс-салты, аңшылығы, халық әндерінің үлгілері туралы көптеген этнографиялық мәліметтер берген және қазақ қоғамындағы әйелдер орны, билер мен сұлтандардың басқару мәселелері жөнінде де айтып өткен. Кітабының кейбір тарауы «Северный архив» (1822), «Мануфактура и торговля» (1832) журналдарында жарияланды.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мейендорф Егор Казимирович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}