Мезенхима

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мезенхима (Үлгі:Lang-el... және Үлгі:Lang-el — тін, ұлпа) — ұрықтық кезеңде ұрық жапырақшалары мен жартылай эктодерма мен энтодермадан қалыптасып, дамып жетілетін ұрықтың дәнекер тіні. Мезенхимадан жануарлар организмінің барлық ішкі орта немесе тіректрофиктік тіндері (қан, лимфа, ретикулалдық клеткалар, май,пигментті, борпылдақ дәнекер, тығыз дәнекер, шеміршек және сүйек тіндері) дамиды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> Мезенхима клеткалары — өсінділі клеткалар. Олар өсінділері арқылы тығыз байланысып синцитий (клеткалар байланысы) түзеді. Клеткааралық кеңістіктерде — дамып жатқан организмнің ішкі ортасы қызметін атқаратын пішінсіз (аморфты) клеткааралық негізгі зат орналасады. Орықтың алғашқы сатыларындағы зат алмасу процесі осы негізгі заттың қатысуымен жүреді. Өсінділерінен айырылып, бір-бірінен оқшауланып дөңгеленген мезенхима клеткаларынан қан клеткалары дамиды.<ref>Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4</ref> Ал, бір-бірімен байланысқан мезенхима клеткаларынан қан және лимфа тамырларының қабырғалары жетіледі. Кейбір мезенхима клеткалары — клеткааралық талшықтар мен пішінсіз негізгі затты түзуге бейімделеді. Соның нәтижесінде барлық дәнекер тіндерінің клеткааралық заттары түзіледі, ал өздері сол тіндердің клеткаларына айналады. Мезенхима клеткаларынан жануарлар организміндегі барлық дәнекер немесе тірек-трофиктік тіндердің діңгекті клеткалары жетіліп, әр түрлі жарақаттан кейінгі не тіндердің істен шыққан бөліктерін қалпына келтіру қызметін іс жүзіне асыратын камбиалды клеткаларға айналады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}