Меандр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Меандр — (Кіші Азиядағы ирелеңділігі аса жоғары өзен аты) — өзен айналымы, жазық өзендері арнасының баяу ағысты иіндері. Меандрдың қисықтық радиусы өзендегі судың молдығы мен ағыс жылдамдығына тәуелді. Меандрдың қалыптасуына негізгі өзен ағынымен сәйкес емес ағыстар себепші болады: беткі ақпалар ойыс жағаға, ал тасындыға қаныққан түптік акпалар шығыңқы жағаға карай бағытталады. Ойыс жаға, әдетте, тік әрі биік, шығыңқы жаға қайырланған, көлбеу болып келеді. Өзен иіндері біртіндеп тұзақ сипатқа ауысады. М. — шектелген, еркін, бітпеген болып жіктеледі. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub