Маңғыстау гуманитарлық колледжі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

Маңғыстау гуманитарлық колледжі<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> – арнаулы орта оқу орны. 1983 жылы Маңғышлақ педагогикалық училищесі ретінде ашылған. 1991 жылы Маңғыстау педагогикалық колледжі, ал 1997 жылдан бастап Маңғыстау гуманитарлық колледжі. Ашылғаннан бері колледж директоры – А. В. Ушакова.

Тарихы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» 1983 жылы 12 сәуірде құрылған (Қазақ ССР - нің халық ағарту министрлігінің 12.04.1983 ж. № 261 бұйрығы) және «Маңғышлақ педагогикалық училищесі» деп аталған.

- 29.01.1991 жылы облыс атауының өзгеруіне байланысты Қазақ ССР-нің халыққа білім беру Министрлігінің № 46 бұйрығы негізінде оқу орны «Маңғыстау педагогикалық училищесі» болып өзгертілді.

- 1991 жылғы 1 шілдеден бастап, Қазақ ССР-нің халыққа білім беру Министрлігінің 21.06.1991 жылғы № 291 бұйрығы негізінде жалпы білім беру мектептеріндегі бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерін дайындау сапасын көтеру үшін Маңғыстау педагогикалық училищесінің базасында эксперименттік тәртіпте жоғары үлгідегі орта кәсіптік оқу орны ұйымдастырылды, бұл - Маңғыстау педагогикалық колледжі.

- 1997 жылдың 8 мамырынан Қазақстан Республикасының Жоғары Үкіметінің «Қазақстан Республикасының білім және мәдениет министрлігінің жоғары және орта кәсіптік оқу орындары туралы» № 814 қаулысы негізінде Маңғыстау педагогикалық коллдежі Маңғыстау гуманитарлық колледжі деп өзгертілді.

- 1999 жылдың 16 маусымында Маңғыстау облыстық білім басқармасының № 31 бұйрығы негізінде Маңғыстау гуманитарлық колледжі мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» деп аталды.

- 2002 жылдың 24 сәуірінде Маңғыстау облыстық білім басқармасының № 83 – ОД бұйрығы негізінде МҚК «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» деп өзгертілді.

- 2005 жылдың 26 желтоқсанында Маңғыстау облыстық Әкімшілігінің № 414 қаулысының негізінде колледж Маңғыстау облысының білім Департаментінің МКҚК «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» деп өзгертілді.

- 2008 жылдың 5 қарашасында Маңғыстау облыстық Әкімшілігінің 2008.05.10ж. № 1489 қаулысы негізінде колледж Маңғыстау облыстық білім Басқармасының МКҚК «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» деп өзгертілді.

Материалдық - техникалық базасы

  • Заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиетпен жабдықталған 30 оқу аудиториясы; оның ішінде 1 – виртуалдық зертхана кабинеті, 2 – мультимедиалық кабинет, 3 – компьютерлік кабинет. Барлық кабинет интерактив тақтамен жабдықталған, интернетке қосулы.
  • 64 мың данадан асатын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде педагогикалық, оқу-әдістемелік және әдеби кітаптармен жабдықталған, электронды оқу залы бар кітапхана;
  • Тігін шеберханасы, ас әзірлеу технологиясы шеберханасы;
  • Ырғақ және хореография залы;
  • Тренажер залы;
  • Жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелерімен қамтамасыз етілген спорт залы;
  • 100 орындық асхана;
  • Медициналық кабинет.

Қоғамдық ұйымдары

  • Балдық билер үйірмесі;
  • Халық билер үйірмесі
  • Көркем сөз үйірмесі
  • Волейбол секциясы
  • Баскетбол секциясы
  • Футбол секциясы
  • «Тоғыз құмалақ» секциясы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маңғыстау гуманитарлық колледжі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}