Мақатаева Қалима Әділханқызы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мақатаева Қалима Әділханқызы — 1957 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х</ref>
- 1974 жылы Талдықорғанда орта мектепті бітірген.
- 1974-75 жылдары Сарқанд қаласында Островский атындағы орта мектепте комсомол комитетінің хатшысы болып істеді.
- 1975-80 жылдары Мәскеу полиграфия институтында оқыды.
- 1980 жылы Алматы «Кітап» РӨБ-ына жолдама берілді, осында терім, басу, түптеу цехтарында шебер маман болып, кейін цех бастығы болып жұмыс істеді.
- 1983-89 жылдары Талдықорған қаласындағы баспаханада технолог, бас инженер жұмысынан директорға дейін көтерілді.
- 1989 жылы отбасының жағдайына байланысты Алматыға келіп, 2002 жылы дейін «Кітап» РӨБ-нда өндіріс бөлімінің технологы, маркетинг бөлімінің бастығы болып істеді.
- 2002 жылдан «Дәуір» ААҚ-ында бас технолог, өндіріс бөлімінің бастығы болып істеді.
- 2003 жылдан «Востокстрой Сервис» фирмасында директордың орынбасары болып жұмыс атқаруда.
Дереккөздер
<references/>