Мақан Есболатов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мақан Есболатов (27.8. 1928, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жетісу ауылы – 20.1.2007, Алматы) – құқық қорғау қызметінің қайраткері, милиция генерал-майоры (1973). КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері. 1947 жылы КСРО ІІМ-нің Алматы офицерлік мектебін, 1953 жылы Алматы Заң институтын бітірген. 1947 – 63 жылы Қазақ КСР-і ІІМ аппаратында жауапты жұмыста болған. 1963 – 67 жылдары Алматы облысы Ішкі істер басқармасында мемлекет мүлкін талан-таражға салуға қарсы күрес басқармасының бастығы, 1967 – 71 жылдары Целиноград облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, 1971 – 73 жылдары Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы болды. 1973 – 80 жылдары Қазақ КСР-і Ішкі істер министрі, 1980 – 91 жылдары Алматы арнайы милиция мектебінің бастығы, 1991 – 92 жылдары ҚР ІІМ-нің Алматы жоғары милиция мектебінің бастығы қызметтерін атқарды. "Еңбек", "Қызыл Ту", “Құрмет” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мақан Есболатов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}