Мағрифат-ун-нафс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мағрифат-ун-нафс - «өзіңді тану». Адам өзін қоршаған ортаны (афақ) тану, ойлау, түсіну арқылы ақиқатқа ұласуы мүмкін. Сонымен қатар адам ішкі әлемін (анфус) танып, түсіну, ойлау арқылы да Тәңірге ұласа алады. Өзін таныған, яғни өзінің шарасыз, өте әлсіз болмыс екенінің мәніне жеткен адам, Жаратушысын таниды. Демек, Жаратушыны құдіреті, ғылымы мен болмысы арқылы таниды. Сопылықта өзін тану немесе таным объектісі - қалб (жүрек). Қалбтің тазалығы оны танудың басты шарты. Қалбты нәпсіден арылтуға негізделген ұстаным, Аллаһты танудың мораль, ар арқылы жүзеге асатындығын көрсетеді. Осы рухани арылу сатылары рухтың кемелдік мәртебелері мен жаратылыстың әлемдік қабаттарымен үндестікте дамиды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub