Мағзом Бижанұлы Сүндетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мағзом Бижанұлы Сүндетов (29.1.1936, Атырау облысы Доссор мұнай кәсіпшілігі - 7.2.1999, Алматы) - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1958 - 1959 ж. Қазақстан көркем әдебиет баспасының проза редакциясының кіші редакторы, 1959 - 1990 ж. сол баспада редактор, бөлім меңгерушісі, 1990 - 1996 ж. "Ана тілі" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Сүндетов әнгімелері "Ақжелкен", "Парасат", "Қазақ әдебиеті" сияқты белгілі баспасөз беттерінде жарияланған. Сүндетовтің тұңғыш "Жол айырығы" кітабы 1961 ж. жарық көрген. Сүндетовтің повесть, әңгімелері шет ел тілдеріне аударылған. Сүндетов "Еңбек ерлігі үшін" медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}