Мағауия Хамзин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мағауия Хамзин (29 желтоқсан 1927 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кенті - 2000) - домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық артисі (1979).

Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды.. Күйшілік өнерге баулыған әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер болды. Ұстазы Аққыздан үйренген Тәттімбеттің "Сары жайлау","Сылқылдақ" күйлерін көркем өнерпаздар үйірмесінде шебер орындап, көзге түсті.

Өмірбаяны

Репертуары

Хамзиннің репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Әбді, Аққыз, т.б. халық композиторларының күйлері бар. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.

Ол қазіргі заман тақырыбына арнап:

  • "Қосбасар" (2 нұсқасы)
  • "Шахтер күйі"
  • "Космонавтар"
  • "Алтын астық"
  • "Жайлау"
  • "Жарыс"
  • "Амангелді туралы күй"
  • "Шопан күйі"
  • "Белгісіз солдат"
  • "Тоқырауын толғауы"
  • "Жас қазақ", т.б. күйлерін шығарды.

Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.

Марапаттары

  • 1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-інің халық әртісі құрметті атағы берілді.
  • 1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}