Мағауия Сембай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мағауия Сембай (1955 ж.т.), журналист. Қарқаралының түлегі. Еңбек жолын 1976 ж. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген соң «Орталық Қазақстан» газетінде бастады. Қатардағы тілшіден бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде аға тілші, Қарағанды облысы бойынша меншікті тілші, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың журналистика бөлімшесінде аға оқытушы қызметін атқарған. 1997 жылдан «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы. Журналист Е.Лұқпановпен бірлесіп жазған «Жауынгер қыздар-Боевые подруги» (1995), «Қолыма қалам алдым айтамын деп. . .»(2005) деректі очерктер кітабының авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1981) ҚР Мәдениет министірінің «Мәдениет қараткері» белгісінің, Қазақстан Республикасының 3 мерекелік медалінің иегері.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}