Маятник
Қарапайым Маятник ретінде ұзындығы l болатын жіпке (немесе жеңіл шыбыққа) ілінген кішігірім С салмағы бар жүкті алуға болады. Егер жіпті созылмайды деп қарастырсақ және жүктің мөлшерін жіптің ұзындығымен салыстырғанда ескермеуге болатын болса, ал жіптің массасы жүктің массасымен салыстырғанда ескерімсіз аз болса, онда жүкті О іліну нүктесінен өзгеріссіз l қашықтықта орналасқан материалдық нүкте деп қарастыруға болады. Мұндай Маятник математикалық Маятник деп аталады.
Егер тербелістегі денені материалдық нүкте деп қарастыруға болмайтын болса, онда Маятник физикалық Маятник деп аталады.
Егер тепе-теңдік қалыптан ауытқыған (С0) Маятникті бастапқы жылдамдықсыз қоя берсе немесе С нүктесіне бастапқы ауытқу жазықтығында жатқан және ОС-ға перпендикуляр бағытталған жылдамдық берілсе, онда М. бір вертикаль жазықтықта тербеліс жасайды, ал С нүктесі шеңбер доғасының бойымен қозғалыс жасайды. Маятниктің бұл жағдайдағы қалпы бір координатпен анықталады. Жалпы жағдайда М. тербелісі гармон. тербеліске жатпайды: олардың Т периоды амплитудаға тәуелді болады. Егер де Маятниктің ауытқуы аз болатын болса, онда ол периоды: болатын гармон. тербеліске жуық тербеліс жасайды, мұндағы g — еркін түсу үдеуі; бұл жағдайда Т периоды тербеліс амплитудасына тәуелсіз болады, яғни тербеліс изохронды.
Физикалық Маятник ауырлық күшінің әсерінен аспаның (подвестің) горизонталь осі маңында тербеліс жасайтын қатты денеден тұрады. Болмашы бұрышына ауытқыған М-тің периоды: болатын гармон. тербеліс жасайды, мұндағы І— Маятниктің іліну (аспа) осіне қатысты анықталған инерция моменті, l — О іліну осінен С ауырлық центріне дейінгі қашықтық —Маятниктің массасы. Демек, физикалық Маятниктің тербеліс периоды ұзындығы l0=І/Ml болатын матем. Маятниктің тербеліс периодымен сәйкес келеді. Бұл ұзындық берілген физикалық Маятниктің келтірілген ұзындығы деп аталады. Маятниктер түрліше приборларда (сағат, т.б.) кеңінен қолданылады.<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Серіппелі маятник
Серіппелі маятник - серіппенің серпімділік күшінің әсерінен түзу сызықты тербеліс жасайтын дене.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>
Дереккөздер
<references/>